Бүгінде ауаның ластануы, қоршаған ортаға жанашырлық таныту күллі әлемді алаңдатып отырғаны белгілі. Осынау өзекті мәселе теңіз төскейінің перзенттерін де бей-жай қалдырған емес.
Арал ауданының жұртшылығы дүниежүзілік «World cleanup day – 2019» акциясына үн қосты. Айта кетерлігі, аталған акция әлемнің 380 млн-нан астам адамын қамтитын 150 елде өткізіліп отыр.
Қазақстанның Дүниежүзілік «World cleanup day – 2019» акциясына қатысуы елімізді жаһандық экологиялық акцияға қатысушы ретінде «жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын мемлекет ретінде танытуға мүмкіндік береді.
«Біз таза елді қолдаймыз» ұранымен өткізілген акцияға Арал ауданы бойынша 1300-ге жуық адам қатысты. Мемлекеттік мекемелер белсене атсалысқан тазалық шарасында 13 техника көмегімен 930 тонна қоқыс тиісті орындарға шығарылды. Мұндай игілікті істер алдағы уақытта жалғасын табады.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.
Арал ауданы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<