«Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда

234

0

Фото: Аманат партиясы

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында партия қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы жалғасуда. Акция шеңберінде бүгін Қазалы ауданының Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағындағы «Қазақ қорымы» маңында кезекті тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.

Тазалық акциясына аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдар мен мен жас еріктілер қатысты. Сонымен қатар сол аумақтағы тұрғындарда тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған акцияға 50-ге жуық адам қатысып, 1 техника тартылып, нәтижесінде 2 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<