«Таза бейсенбі»: Шіркейлі арнасының жағасына тазалық жұмыстары жүргізілді

169

0

Фото автордан

Аманаттықтар Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасына қолдау білдіріп, «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын жүзеге асырып келеді. Әр бейсенбі сайын ұйымдастырылатын тазалық жұмыстары бүгін қала маңындағы Шіркейлі арнасының бойында жалғасты. Тазалық жұмыстарына партияның облыстық, қалалық филиалының ұжымы, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері мен еріктілері, партия белсенділері бір кісідей жұмылды.

Шіркейлі арнасы шаһар орталығы мен Сабалақ саяжайы арасын бөліп тұр. Үстінен Батыс –Еуропа, Батыс – Қытай автодәлізі өтеді. Көршілес өңірлермен қатар, алыс-жақын шетелдік көліктер де зулап жатыр. Арна қалаға жақын, әрі жағасы қалың Тораңғыл ағашымен көмкерілгендіктен, қала тұрғындары бұл жерді балық аулап, демалатын орынға айналдырған. Дұрыс ақ, алайда тазалық мәдениетін сақтауы байқалмады. Жағалай шашылған су құтылары, полиэтилен пакеттер, онан қалды есік алдындағы қоқыстарын да әкеліп, төгіп кеткен.

Акция аясында аманаттықтар өзен арнасының жағасын осы қоқыстардан тазартты.

Жалпы қызылордалық аманаттықтар аталған науқанға алғашқы күннен-ақ белсенді қатысып жатыр. Әр бейсенбі қалада ғана емес, аудандарда да түрлі учаскелерге тазалық жұмыстары жүргізіліп келеді. Алайда тазалау бөлек, оны сақтап, алдын алу да үлкен мәселе.

«Тазалық сақтау керектігін барлық адам біледі. Алайда әдеп жоқ. Тазалайсың, келесі келсең тағы шашылып жатады. Сондықтан қала тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтауға шақырамыз – деді партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Әбунасыр Алдабергенов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<