«Таза су айдындары» акциясы қорытындыланды

347

0

Биылғы наурыз-мамыр айларында республиканың барлық өңірінде «Таза су айдындары» деп аталатын табиғат қорғау акциясы ұйымдастырылды. Ауқымды акция арқылы су айдындары мен жағалау аумақтарын қоқыстан тазарту, табиғатқа жанашырлықпен қарау керектігі насихатталды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы басшысының орынбасары Жанқожа Сапаров аталған акцияның қорытындысы туралы баяндады.

– 6 сәуірде Қызылорда қаласына қарасты «Шіркейлі» каналының сол жағалауында «Таза су айдындары» табиғат қорғау акциясы өтті. Акцияға Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі, ғылыми-зерттеу ұйымының қызметкерлері мен табиғат пайдаланушылар, сондай-ақ студенттер, еріктілер және ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Бұл науқан Арал ауданындағы Кіші Арал теңізінің,  Түркістан облысы Шардара ауданындағы «Шардара» су қоймасының учаскелерінде өткізілді. Айта кету керек, биылғы тазалау жұмыстарына инспекция қызметкерлері қатысып, техникалар мен шағын кемелер жұмылдырылды. Су айдындарының түбінен және жағалаудан көне ау құралдары мен қармақ, тұрмыстық қалдық шығарылып, тиісті орындарға жиналды, – деді ол.

Сондай-ақ жыл сайын мүдделі органдармен бірлескен «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы ұйымдастырылған. Биылғы науқан қорытындысымен балық аулау ережесін бұзушылықтың 96 дерегі анықталып, 19 іс сот қарауына жіберіліпті. Акция кезінде балық аулау ережесін бұзғаны үшін 75 жеке тұлғаға айыппұл салынған.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<