Тазалық мәселесі — басты тақырып

971

0


Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтің төрағалығымен өткен мәжілісте республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың, сондай-ақ магистральдықтемір жол бойында орналасқан нысандардың санитарлық тазалық мәселесі талқыланды.
Жиынға «Қаз Авто Жол» және «Қазақстан темір жолы» АҚ облыстық филиал басшылары, селекторлық байланыс арқылы Қызылорда қаласы мен аудан әкімдері қатысты.

Мархабат Жайымбетұлы санитарлық тазалық мәселесі аймақ басшысының тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
«Бүгінгі күні, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі, темір жол бойында орналасқан халық пайдаланатын объектілердің санитарлық тазалық мәселесі өзекті болуда.Бұл бойынша облыс әкімі тарапынан бірқатар сыни ескертпелер айтылды.

Өздеріңіз білесіздер,«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі-Еуропа елдерінен Қытайға баратын оңтайлы және ірі көлік дәлізі.Қазіргі таңда, осы жол арқылы тәулігіне 10 мыңнан аса автокөлік қатынайды.Сонымен қатар, облыс аумағынан өтетін магистральдық темір жол желісі арқылы айына 500-ге жуық жолаушылар пойызы өтеді.Сондықтан, бірінші кезекте осы жол бойында орналасқан және халық тұтынатын нысандар, көлік инфрақұрылымдары күнделікті тазалықты қажет етеді», – деді М.Жайымбетов.

Тазалық мәселесі — басты тақырып

Жиын барысында «Қаз Авто Жол» және «Қазақстан темір жолы» АҚ облыстық филиал басшылары мен қала, аудан әкімдері магистральдық жолдар мен жол бойындағы нысандардың тазалығын қамтамасыз ету бойынша жүргізілген жұмыстарды баяндап, алдағы уақытта аймақ басшысының сын-ескертпелері жойылатынын жеткізді.

Тазалық мәселесі — басты тақырып

Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары «ҚазАвтоЖол» АҚ облыстық филиалы, аудан және Қызылорда қаласы әкімдіктеріне тиісті аумақтағы республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың бойында орналасқан жалпы пайдаланымдағы нысандар мен көлік объектілерінің санитарлық тазалығы күнделікті қамтамасыз етуді және «Қазақстан темір жолы» АҚ облыстық филиалы басшыларына магистральді темір жол желісі бойы, темір жол станциялары мен вокзалдарды және олардың аумақтарының санитарлық тазалығын тұрақты негізде қамтамасыз етіп, вокзал кешеніндегі сауда орындары, перрондар, демалыс алаңдары, қоқыс жәшіктерін күнделікті тазалауды және вокзал ғимараттары мен сауда орындарының сыртқы келбеттерін ретке келтіруді тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<