Тазалық өз аулаңнан басталады

476

0

Шиелі ауданының әкімі Нұржан Ахатовтың төрағалығымен «Шиелі ауданы бойынша санитарлық тазарту жұмыстарының барысы» тақырыбында жиын өтті.

Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары және бірқатар мекеме өкілдері қатысты.

Баяндама жасаған аудан әкімінің орынбасары Айтбай Жандарбеков кент тазалығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы учаскелер тізімі дайындалғанын, алдағы уақытта аталған учаскелерге қоғамдық жұмыс негізінде сол аумақпен етене таныс азаматтар жұмысқа қабылданып, тұрғындармен бірге қоян-қолтық жұмыс жасайтындығын айтты.

Бұндағы негізгі мақсат – кейбір азаматтардың санасында қалыптасқан тазалық жұмыстары тек сенбіліктерде мемлекеттік қызметкерлердің күшімен жасалуы керек деген қате түсінікті жойып, әрбір тұрғынның өз ауласына тек өзі ғана жауапты екендігін ұғындыру болып отыр.

Сондай-ақ, жиында аталған жұмыстарға қарамастан белгіленбеген аймақтарға күл-қоқыс тастап, кентті ластаған тұрғындар мен кәсіп иелеріне де заң жүзінде шара қолданылатындығы сөз болды.

Осы ретте сөз алған Шиелі аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Нұрбол Бейсенбекұлы әрбір учаскеге жауапты полиция қызметкері бекітілгендігін, 102 жедел желісіне қоңырау келіп түскен жағдайда, белгіленбеген аймаққа қоқыс тастаған азамат анықталып, айыппұл салынатындығын айтты. Бір айта кетерлігі, қазірдің өзінде бөлім тарапынан қоршаған ортаны ластаған 35 аудан тұрғынына 5 АЕК көлемінде (17 мың 250 теңге) айыппұл салынып, 88 азаматқа ескерту жасалынған.

Мұнан өзге, мәжілісте ауданға белгілі азаматтардың, бөлім, мекеме басшыларының ауласы LED экрандар мен әлеуметтік желілер арқылы тұрғындырға үлгі ретінді көрсету ұсынылып, қолдау тапты.

Тағы бір айта кетерлігі, мәжілісте Шиелі кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Болат Күлімбет те өз ойын ортаға салып, «бұл істен ардагерлерде шет қалмайды» деді.
Жалпы алғанда жиында кенттің тазалығын қайтсек жүйелендіреміз деген мақсатта бірнеше ұсыныстар айтылып, аудан әкімінің назарына ұсынылды. Ендігі мақсат ел болып жұмылып, тұрғындарды өз ауласын таза ұстауға, қоршаған ортаны ластамай, ортақ ауданымызды көрікті етуге дағдыландыру.

Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<