Театр ұжымы марапат төрінде

2007

0

А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде Халықаралық театр күніне орай Жастар театрының ұжымы “Олимптің күйреуі” мифологиялық драмасын көрермен назарына ұсынды.

Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Жанмұрат Сейілов қатысты.

Жалпы, өнер атаулының ішіндегі шоқтығы биігі – театр өнері. Театр адам баласының жан дүниесін байытып, ізгілік пен зұлымдық, махаббат пен қиянат сынды қасиеттердің ара жігін ажырата білуге, адамгершілікке тәрбиелейді. Әсіресе, өскелең ұрпақтың бойындағы мәдениетті дамытуда театрдың рөлі айрықша.

Театр ұжымы марапат төрінде

– Жастар театры ұжымын алғаш үйірме ретінде ашылған сәтінен жақсы білемін. Театр мәселесінің ең жанды жері – репертуар болса, өнер ұжымы бұл күнде түрлі жанрмен жарақтанып, шырқау шыңдарға беттеп барады десем қателеспеймін, – деді Ж.Сейілов.

Театр ұжымы марапат төрінде

Сондай-ақ, Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық академиялық драма театрының директоры Мұхтар Ниязов белгілі өнер тарланы Оңталап Нұрмаханов бастаған Жастар театры ұжымына шығармашылық табыс тіледі.

Театр ұжымы марапат төрінде

Қала әкімінің орынбасары театр артистерін кәсіби мерекемен құттықтап, облыс, қала басшылығының арнайы Алғыс хаттарын табыс етті.

Театр ұжымы марапат төрінде

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<