«Театрым қымбат»: Нұржан Төлендиев басшылық қызметтерден неге бас тартқанын айтты

293

0

Фото: ашық дереккөз

Отандық әзілкеш Нұржан Төлендиев осы уақытқа дейін өзіне басшылық қызметтер ұсынылғанын айтты. Ол өнерге деген шексіз махаббаты туралы «1001 түн» бағдарламасында баяндады.

Нұржан Төлендиевтің сөзінше, ол осыған дейін бірнеше ұсыныстан бас тартқан.

«25 жасымда Түркістан халық мәдениет үйінің директоры болғанмын. Одан Сайрам ауданы Ақсу елдімекенінде мәдениет үйінің директоры қызметін атқардым. Шымкент қаласындағы үлкен сарайларға директорлыққа шақырды. Түркістанға да шақырды. Бірақ мен бір жерде қамалып, отыра алмайды екенмін. Театрым не болады? Мен үшін театрым қымбат», – деді Нұржан Төлендиев.

Мұны көрген көпшілік Нұржан Төлендиевке ақ тілегін жаудырды. Олар өнерге құрметі ерекше әзілкешті бағалайтынын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<