Өткен жылы облыста 2059 тұрғын тегін, есімін немесе әкесінің атын өзгертуге өтініш берген. Бұл қызметті Халыққа қызмет көрсету орталығына барып немесе электрондық үкімет порталы арқылы да рәсімдеуге болады.
Аты-жөнін өзгерту рәсімі заңнамамен реттеледі. ҚР Кодексінің «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» 257-бабына сәйкес, аты мен әкесінің атын немесе тегін өзгертуге 13 дәлелді себеп бар. Егер оған талаптанған адамның көрсеткен себептері заңнама талабына сәйкес келмесе тиісті орын ол өтініштен бас тарта алады.
Аталған қызметті ХҚКО арқылы өтінім беру үшін азаматқа жеке куәлігін беру арқылы жүзеге асырып, 1932 теңге мөлшерінде мемлекеттік бажды төлеу қажет.
– Оған байланысты ең көп тараған себеп ретінде ата-анасының біреуінің тегін алып жүруге деген ұмтылыс, некеге дейінгі фамилияға оралу немесе үйлесімсіздікті айтуға негіз бар. Бұл жөнінен облыс орталығы тұрғындарының белсенділігі ерекше, мұнда 1104 аталған мақсатта өтініш жасаған. Ал Байқоңырда 375, Шиеліде 161 адам өзгерткісі келді, – деп атап өтті облыстық АХАТ басқармасының басшысы Ботагөз Ыдырысова.
«СБ» ақпарат





