ХҚО-ға бармай-ақ, eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті берудің оңай әрі ыңғайлы жолын таныстырмақпыз.
Сонымен, ЭЦҚ немесе бір реттік жасырын сөз арқылы eGov.kz порталына кіреміз.
✅ Бастапқы бетте жылжымайтын мүлік бөлімін таңдаңыз
✅Жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметін таңдап, онлайн сұрау батырмасын басып, деректерді толтырыңыз
✅Өтініш түрін көрсетіп, жылжымайтын мүлік туралы деректерді толтырыңыз
✅Өтінімге құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін жүктеңіз
✅Төлемтүрінтаңдаңыз
Қызмет нәтижесі жылжымайтын мүлік түріне қарай беріледі:
- Пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер – 3 жұмыс күнi
- Жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары – 5 жұмыс күнi
- Жалпы ауданы 1000 м2 дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері – 7 жұмыс күні
- Жалпы алаңы 1000 м2 асатын объектілер – 10 жұмыс күні
Өтініштің қарастырылғаны туралы жауап жеке кабинетіңізге келіп түседі. Дайын құжатты алу үшін көрсетілген уақытта корпорацияның фронт-офисіне бару қажет.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<