Техникалық құрылғыларға қатысты қызмет

585

0

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы Ин­дустрия және инфрақұрылымдық даму минис­трінің бұй­рығына сәйкес “Қауіпті техникалық құрыл­ғыларды есепке қою және есептен шығару” мемлекеттік қызметін көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар қызмет берушіге “элек­трондық үкімет” www.egov.kz веб-порталы арқылы мыналарды жолдайды:

1) осы қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес өтініш;

2) Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы №358 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық акті­лерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10303 болып тіркелген) бекітілген “Қысыммен жұмыс істейтін жабдықты пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының” 23, 24, 25 және 26-нысандары бойынша жасалған қысыммен жұмыс істейтін ыдыстың, қазандықтың (автономды бу қыздырғыштың, экономайзердің), қазандықтың, құбырдың немесе паспорттың электрондық телнұсқасы, 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10332 болып тіркелген) бекітілген “Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының” 1, 2 және 3-нысандары бойынша жасалған жүк көтергіш кранның, лифттің, көтергіштің, “Азаматтық қорғау туралы” 2014 жылғы 11 сәуірдегі  №188 Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабына сәйкес эскалатордың, арқанды жолдың, фуникулердің паспортының электрондық көшірмесі. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидадағы 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.

Қызмет алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде “жеке кабинетінде” нәтижесін алу күнін көрсете отырып, сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетеді.

Құжаттарды қараудың жалпы мерзімі және қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару туралы хабарлама беру 3 (үш) жұмыс күнін құрайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<