Тексеру комиссиясына 10 жыл толуына орай аллея ашылды

881

0

Биыл ҚР Тәуелсіздігіне 30, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің құрылғанына 25 жыл және Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының құрылғанына 10 жыл. Осыған орай Тағзым алаңында Тексеру комиссиясының аллеясы ашылып, 70-тен астам көшет отырғызылды.

– Мақсатымыз елімізді көркейту, гүлдендіру, көгалдандыруға өз үлесімізді қосу. Қаламызды көгалдандыру ұжымдық рухты, бірегейлікті, психологиялық климатты көтеретін керемет әдіс, – дейді тексеру комиссиясының қызметкерлері.

Тексеру комиссиясына 10 жыл толуына орай аллея ашылды

Мұндай іс-шаралар қызметкерлер арасында жұмыстан тыс әнгімелесу мен бір-бірін жақын тануға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында елді ауқымды көгалдандырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Осы ретте, тексеру комиссиясымен бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<