Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі қайтыс болды

1144

0

Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев жазды. 

«Бүгін таңғы уақытта Қайрат Беркінбаев дүниеден озды. Қайрат ағаны бірнеше рет көргенмін. Өте биязы, сабырлы адам еді. Белді кәсіпкер, өз ісінің маманы еді. Әрі талай қайырымды іс жасап, қайырымдылықтың жаршысы болып жүретін. Аз сөйлеп, көп іс тындыратын. Жаныңыз жәннатта болсын!

Ләйлә Сұлтанқызы, бекем болыңыз! Отбасымызбен қайғырып көңіл айтамыз», – деп жазды Дәулет Мұқаев.

Қайрат Беркінбаев – кәсіпкер, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені АҚ президенті. 2019 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында III дәрежелі «Барыс» мемлекеттік орденімен марапатталған болатын. 

Кәсіпкер мен Ләйләнің екі ұлы бар.
 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<