Атом саласы қызметкерлері күнінде аудан әкімінің орынбасары Ерсұлтан Апетов аудандағы ірі кәсіпорындар «Семізбай-U» ЖШС Иіркөл кеніші және «№6» Кен басқармасының ұжымдарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, аудан әкімі Нұржан Ахатовтың құттықтауын жеткізді.
Сондай-ақ, мерекелік кеште алғыс хаттар мен мерекелік төсбелгілер тарту етіліп, атом саласы қызметкерлерінің мерейі тасыды.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<