Теміржол вокзалдарында жөндеу жұмыстары басталды

204

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, Қармақшы ауданындағы Төретам және Жосалы кенттерінің теміржол вокзалдарында күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Аудан әкімінің орынбасары Айдын Әнуар мен АО НК «Қазақстан темір жолы» филиалының вокзал шаруашылығы жөніндегі директордың орынбасары Абай Досанов вокзал ғимараттары мен айналасындағы абаттандыру барысымен танысты.

Сапар барысында құрылыс жұмыстарының сапасы мен орындалу мерзімі сараланып, мердігер мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

Жөндеу аясында ғимараттардың ішкі-сыртқы келбеті жаңартылып, инженерлік желілер толық ауыстырылмақ. Сонымен қатар, вокзал маңын абаттандыру, жарықтандыру және көлік қозғалысын оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде.

Бұл жұмыстар тұрғындар мен жолаушылар үшін жайлы жағдай жасауға және теміржол қызметінің сапасын арттыруға бағытталған.

Қармақшы ауданы әкімдігі