Темірше ақыннан тәбәрік

392

0

Қазақ өлеңінің көрнекті өкілі, қазақ телеайтысының негізін қалаушылардың бірі, ақын Темірше Сарыбаев есімі оқырманға «Дария-дәурен», «Мамырстан», «Мазалай бер, махаббат» жыр жинақтары арқылы жақсы таныс.

Көп жыл Алматыда қызмет етіп, өмірінің ақырғы жылдарында туған жеріне табан тіреген Темірше ақын өмірден өткен соң оның атындағы облыстық жазба ақындардың мүшәйрасын өткізу дәстүрге айналды. Сол жыр бәйгесінен қаншама жас ақындар бәйге алып, жыр әлеміне бет бұрды. Осылайша, ақын шапағаты өзі өмірден өтсе де кейінгілердің кеудесін жарықтандырып жатыр.

Бұл дәстүр биыл да жал­ғасын тапты. Осы желтоқ­санның 11 күні ақынның туған жері Жалағаш ауданында «Шындық-Тәңір» атты жас жазба ақындар мүшәйрасы өткізілмек.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<