«Теңдесі жоқ кемеңгер жазушы»

488

0

Биыл Қазақстанның халық жазушысы, кемеңгер тұлға Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл. Осыған орай Қазақстан халық партиясының бастамасымен Сыр өңірінде «Теңдесі жоқ кемеңгер жазушы» атты іс шаралар легі басталды. Бүгін «Зерде» интеллектуалды мектебінде қаламгердің мерейтойына арналған кітап көрмесі өтті.

Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазан Қызылорда облысы, Арал ауданының Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген.


Әбдіжәміл Нұрпейісов – XX ғасырда қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан суреткерлердің бірі, қоғам қайраткері. XX ғасырдағы қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын шығармалардың бірі Әбдіжәміл Нұрпейісовке тиесілі. Оның «Қан мен тер» трилогиясы, басқа да шығармалары отыз шақты тілге аударылып, ұлттық әдебиетімізді дүние жүзіне танытып, әлем әдебиетшілерінің үздік бағасына ие болды. Атап айтсақ, француз Луи Арагон, ресейлік Юрий Казаков, Сергей Баруздин, Анатолий Ким, Николай Афанасьев, Лев Аннинский, Леонид Теракопян, Валентин Оскоцкий, испандық Август Видаль, қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов, башқұрт ақыны, жазушысы Мұстай Кәрім, неміс әдебиетшілері Лео Кошут, Ральф Шрейдер ол туралы тебірене жазды.

«Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» дилогиясы – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің ғана емес, күллі қазақ әдебиетінің жетістігі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<