Теңге күнінің тартуы

648

0

Бүгінде Ұлттық валютамызға – 29 жыл толып отыр. 1993 жылдың қараша айында ұлттық теңгеміз қолданысқа енгізіліп, төл валюта ретінде айналымға қосылған болатын. Сейсенбі күні қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында арнайы жиын өтті.

Салтанатты іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай, қаржы саласының ардагерлері Дайрабай Ысқақов, Ниязбек Мақанжанов, Қалқазбек Әжібеков қатысты.

– 1992 жылы ұлттық теңгеміздің толық кескіні бекітілген болатын. Сол кезден бүгінгі күнге дейін төл теңгеміз қаржы саласының ең маңызды бөлігі ретінде роль атқаруда. Атап айтсақ, ел экономикасына шетелдік инвестициялар тартылып, өндіріс пен ауыл шаруашылығы нарықтық экономикаға сай қайта жаңғыра бастады. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын оңтайландыруға өз септігін тигізуде. Сол себепті бүгінгі атаулы мерекенің тарихта ойып тұрып орын алуы тегін емес, – деді қаржы және салық саласының ардагері Дайрабай Ысқақұлы.

Басқосуда төл теңгенің тарихы мен бүгінге дейінгі қаржы жүйесінің қалыптасу кезеңіне шолу жасалды. Осы саланың қырыққа жуық үздік қызметкері марапатталды.

Атап айтсақ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың «Қаржы органдарының құрылуына – 100 жыл» мерекелік төсбелгісімен Ринат Құдайбергенов, Фарида Аббасова, Әлия Жақыпбаева, Айнұр Сыздықова мен Жанар Бекжанова марапатталды. Сондай-ақ, Гүлзат Қарабалаева, Ғалым Шағдаров, Берік Қалдыбекұлы мен Жасұлан Алайдарұлына ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Абзал Бейсенбекұлының «Алғыс хаты» табысталды. Бұған қоса, облыс әкімінің «Алғыс хатымен» басқарманың үздік қызметкерлері марапатталып, оларға құрмет көрсетілді.

«Сб» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<