Теңіздің ұлтанына 100 мың га сексеуіл егіледі

1263

0

Шөлді аймақта орналасқан Қызылорда облысы жері аумағының 90%-ін сексеуілді орманды алқаптар құрайды. Мамандардың айтуынша, бір түп сексеуіл төрт тонна құмды тоқтата алады.

Нақты кезеңде Арал теңізінің құрғаған ұлтанының жалпы көлемі 4,5 млн гектар. Оның 2,2 млн гектары Қазақстан аумағында орналасқан. Осы аумақтағы мемлекеттік орман қоры 768,7 мың га құрайды.

Теңізінің тартылуынан жыл сайын ауаға 75 млн тонна тұз бен топырақ ұшып экологиялық апат тудыруда. Осыған сәйкес бүгінгі күні құм мен топырақты тоқтатудың бірден бір жолы теңіздің құрғаған ұлтанында галофиттік өсімдіктерді, оның ішінде сексеуіл мен сарысазан өсіру екенін көрсетті.

Мемлекет Басшысы Арал теңізінің құрғаған ұлтанына алдағы 5 жылда 1,1 млн га сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде шаралар кешенін қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес осы жылдың күз айында теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың га сексеуіл егу жұмыстары жоспарланып отыр.

Қазір басқармаға қарасты орман шаруашылығы мекемелері сексеуіл тұқымдарын жинау жұмыстарын жүргізуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<