Бұдан былай олар да әскери қызметшілер секілді тұрғын үй төлемдері түріндегі қолдауға ие болады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
«Заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленеді. Тұрғын үй мәселесін шешу, қызметкерлердің тиісті уәждемесін қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін де маңызды болып табылады», – деді О.Бектенов.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<