Облыстық полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Мұхтар Қожабаевқа қала тұрғыны Гүлзия Қалмағанбетова хат қалдырған. Тұрғын хатында полиция басқармасының тергеу бөлімінің тергеуші Назым Оразбекке алғысын білдірген.
2022 жылдың қараша айында басқарманың кезекші бөліміне алаяқтық дерегі бойынша арызданған болатын. Аталған іс тергеуші Назымға жолданып, ол алаяқтық бойынша жәбірленушіні толықтай тыңдап, ол айтқан мәселелердің бәрін назарға алған. Назымның тиянақтылығы, істі жүргізгені жәбірленушінің көңілінен шығып, қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру амалдарын жүргізіп, кәсібилігінің арқасында жедел түрде алаяқтық жолымен алынған қаражаттарын жәбірленушіге толықтай қайтарған.
— Қызмет барысында ел алғысы біздің мерейімізді үстем етеді. Біздің қызметіміздің халыққа пайдасы тиіп, қуанышқа кенеліп жатса, мақсатымыздың орындалғаны.
Бұдан былай да әрбір полицей халық үшін, халық мүддесі үшін қызмет етпек. Халық сенімі бәрінен биік. Ал, тұрғындар тарапынан айтылған әрбір жылы лебіз – біздің жұмысқа деген ынтамызды арттырып, зор жетістікке жетелейді, — дейді Назым.
Өз кезегінде қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығына және тергеу бөлімінің жеке құрамына өз алғысын білдіріп, алдағы уақытта жұмыстарына табыс тіледі.
Гүлбану МАҚАЖАН,
«Сыр бойы»
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<