The Times: Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы фейк мақалалар жариялап жатыр

259

0

Фото: ашық дереккөз

Белгісіз біреулер әлемдік БАҚ редакцияларына Қазақстан туралы мақалалар жолдаған. Бұл мақала авторлары атақты ғалымдар делінеді, алайда шын мәнінде оларды жасанды интеллект жазған, деп хабарлайды The Times.

Британдық газеттің жазуына қарағанда, бірнеше әлемдік БАҚ редакциясына Эдинбург университетінің аға оқытушысы доктор Оливер Тернер мен Сент-Эндрюс академигі доктор Адам Бауэр жазған делінген Қазақстан туралы мақалалар келіп түскен. Алдымен басылымдардың бірі мақаланы жариялаған, бірақ доктор Тернер редакцияға жүгінгеннен кейін мақала өшірілген.

Кейінірек Euronews редакторы мақала ЖИ көмегімен жазылғанын анықтады. Газеттегі хабар бойынша, доктор Тернердің атымен жарияланған мақалада «орта державалардың» және жалпы Қазақстанның көтерілуі туралы айтылды.

«Мұның бәрі тағы қанша ғалым бұл туралы білмей-ақ мақалалардың «авторы» болып жүр екен деген ойға жетелейді. Бұдан да басқа мақалалар, әрине, кез келген мүдделер аясына сай келетін арандатушылық дәлелдермен әлдеқайда қарама-қайшы болуы мүмкін», – деді Тернер.

Британдық басылым жасанды интеллект жазған, бірақ белгілі ғалымдардың авторлығымен пайда болған мақалалар алаңдаушылық туғызатынын атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<