«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе «Kyzylorda Business Hub» облыстық стартап жобаларымен танысу өткізді.
Облыстық «Жастар ресурстық орталығында» өткен басқосуда облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Тілешев пен сала басшылары жастардың жаңа жобаларымен танысып, ұсыныс-тілегін тыңдады. 10-ға жуық инноватор түрлі бағыттағы жобаларын ортаға салды. Бұл басқосу оларға тиімді мүмкіндік алаңы болды. Жиында қаржыландыру тетігін қарастыру мәселесі, көрсетілетін мемлекеттік қолдаулар сөз болды. Кәсіпкерлер қажетті бағыт-бағдар мен маңызды кеңестерге қол жеткізгені анық.
Айта кету керек, мемлекет тарапынан жас кәсіпкерлерді қолдау, оларға бағыт-бағдар беру, грант санын арттыру мәселесі күн тәртібіне қойылған. «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның алаңында мұндай шара екінші мәрте өтуде және ол жүйелі түрде ұйымдастырылатын болады.
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»
АҚ баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<