Тікұшақпен әйеліне гүл таситын жігіт

851

0

Фото: ашық дереккөз

Әйелге гүл сыйлауды өрт сөндіруші-десантшы Анатолий Айсановтан үйрену керек- деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

 Ол «Қазәуеорманқорғау» ММ Алматы бөлімшесінде жұмыс істейді. Тікұшақпен әуеге көтеріліп, тау-тасты, орман тоғайды барлайды. Қар көшкіні, дала өрті сынды табиғи апаттар кезінде құтқару операцияларына қатысады. Білікті маман зейнет жасына жеткенімен жұмыста жастармен бірдей қызмет етіп жүр. Анатолий Айсановтың кәсіби біліктілігі өз алдына, әйеліне деген шексіз махабаты мен құрметі жайлы сөз бөлек. Ол тікұшақ қонған жерден даланың әсем өсімдіктерін, әсіресе гүл жинауды әдетке айналдырған. Ал, бір құшақ гүлді жан жарына вертолетпен жеткізеді.

Тікұшақпен әйеліне гүл таситын жігіт

«Жұмыс бабымен еліміздің әр аймағынан тікұшақпен  барамыз. Еліміздің табиғаты, тау мен қырында өсетін өсімдіктері керемет сан алуан. Барған жерімнен міндетті түрде бір құшақ гүл жинап алуға тырысамын. Жолдың алыс жақындығына қарамай, әйеліме әкеліп, бір қуантып тастаймын. Ол да бұған риза. Сапардан келген сәттегі көңілі жадарып, мәз болып қалады. Мені үнемі дәмді тағам әзірлеп, асыға күтіп отырады. Бізге одан артық ештеңе керегі жоқ» дейді Анатолий ағамыз.

Еректер әйелдеріне әдетте туған күнінде немесе 8 наурыз халықаралық әйелер күніне ғана гүл сыйлайды ғой. Ал, Анатолий Айсанов әр сапар сайын алуан гүлдерді жинайды. Өзі өрт сөндіруші. Бірақ, «өртенген сезімді қалайша өшірем» дейді ол.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<