Бүгін Қызылорда облысының «Қоғамдық келісім» КММ және «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің бірлесіп ұйымдастыруымен Достық үйінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тіл – достықтың діңгегі» тақырыбында этнос өкілдері арасында тілтанымдық сайыс өтті.
Шара этнос оқушылары арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру, оқып үйренуге деген қызығушылығы мен ықыласын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Барлығы 5 кезеңнен тұратын сайыста бақ сынасқан үш топқа «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары М. Дәулетбаева, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұйымдастырушы-модераторы Г. Шынтасова, «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-нің әдіскері Ж. Ерекешова төрелік етті.
Топты таныстыру, сөйлемді толықтыру, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, мақал-мәтел айту сынды кезеңдерден құралған сайыста жүлделі бірінші орынды – бірлігі бекем «Бірлік» тобы, екінші орынды – татулықты ту еткен – «Татулық» тобы, үшінші орынды – достыққа берік «Достық» тобы иеленді.
Жеңімпаздарға алғыс және сыйлықтар табысталды.
Облыстық Қазақстан халқы
Ассамблеясының баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<