Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығында «Жеті жұрттың тілін біл» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған білім ордасының тіл мамандары мен студенттер қатысып, белсенділік танытты.
«Бүгінгі шара жастарға, өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілді қадірлеу, қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қолданыс аясын кеңейту мақсатында өткізілді. Тәуелсіз елдің ұрпағы ретінде ана тілімізді этносаралық тіл деңгейіне жеткізу біздің азаматтық парызымыз. Қай тілді мықты тіл деп санауға болады десек, оның жауабы сөйлеушісі көп тіл – мықты тіл. Сондықтан қазақ тілін дамыту үшін оның сөйлеушілерінің санын арттыруымыз керек. Ол үшін осындай іс-шаралар, үгіт-насихат жұмыстары тоқтамауы керек», – деді ф.ғ.к., профессор А.Абасилов.
Еске сала кетейік, бұған дейін мемлекеттік тілді дамыту мақсатында бірқатар шаралар өткізіліп келеді. Сонымен қатар, университетте Алаш арысы, ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында ауқымды шаралар ұйымдастыру жоспарланған.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<