Тіл – татулық тірегі

927

0

Тараз қаласында «Тіл – татулық тірегі» республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті
Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласында «Тіл – татулық тірегі» республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.

Аталған шараға облыстан Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Л. Есімова қатысты.

Дөңгелек үстел отырысында тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлеріне табанды қарсы тұрып, оның алдын алу және болдырмау, сондай-ақ мемлекеттік тілдің одан әрі дамуы мен практикалық қолданылуын ынталандыру мәселелері талқыланды.

Шарада сөз алған Ішкі істер министрлігінің өкілдері елімізде орын алған тілдік кемсітушіліктермен күрес, олардың туындауына жол бермеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндаса, орыс, дүнген, кәріс, өзбек этностарының өкілдері мемлекеттік тілді қалай үйренгендіктерін, тілді білудің қандай мүмкіншіліктерге қол жеткізгендігін баяндап өз пікірлерімен бөлісті.

Сондай-ақ, қатысушылар «Тіл бірлігі» көрмесін тамашалап, «Ұлттық құндылық – ұлт қазынасы» бейнедәріс топтамасын, «Ғажайып киіз үй», «Сөйле» клубы, Қазақстан халқы Ассамблеясы жастарының «Бірлік тілі», «Тіл мектебі» жобаларымен, «QazOnline» мобильдік қосымшасымен танысып, «Қызмет көрсетудегі мемлекеттік тілдің рөлі» форсайт-сессиясына қатысты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<