Фото: ашық дереккөз
Қазақстан Республикасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында ҚР-ның аумақтарында «Тілдерді оқыту орталықтары» ашылды. Қызылорда облысында 2008 жылдың 14 сәуірінде «Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» құрылып, өз жұмысын бастады. 2016 жылдың 30 маусымында облыс әкімінің №509 қаулысымен Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і болып қайта құрылды. Бүгінгі таңда Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і болып жұмыс істейтін орталықтың мақсаты – мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бағытында мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін оқыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Орталық мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі қызметтерді жүзеге асырады:Мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, кәсіпорындар мен басқа да ұйымдар қызметкерлеріне, сонымен қатар жеке тұлғаларға мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін оқытады
«Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту», «Сөйлеу мәдениеті», «Қазақ тілді кәсіпкер» курстарын жүргізеді.
Тіл үйренушілердің тілдерді белгілі бір деңгейде қиындықсыз меңгеруі үшін қажетті оқулықтармен, оқу-әдістемелік және көмекші оқу-құралдармен, сөздіктермен қамтамасыз етеді және әзірлейді;
Тілдерді дамыту мақсатында семинарлар, семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер, байқаулар, форумдар, конференциялар, фестивальдар және тағы басқа іс-шаралар ұйымдастырады.
Тілдерді оқыту курсын бітірген тіл үйренушілерге сертификат береді. Мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері, ұлттық компания, магистратура, докторантураға үміткерлер үшін «Қазтест» жүйесі негізінде дайындық курстарын жүргізеді.
Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының «Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығы» КММ-і Қызылорда қаласы Әйтеке би №2, «Білім үйі» ғимаратының 3-қабатында орналасқан. Байланыс телефондары: 8 771 131 09 50, 70-06-81.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<