Тілсіз жау тұрғын үйлерде жиілеген

375

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жыл басынан бастап облыс аумағында 77 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9% -ға төмендегенін көрсетеді. Сала мамандарының айтуынша жазатайым оқиғалар көбі тұрғын үйлерде орын алған. Бұл туралы облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асхат Оразбеков мәлімдеді.

“Орын алып жатқан жағдайлар көбінесе тұрғындардың өрт қауіпсіздік шараларына салғырт қарауынан, яғни тұрмыстық пештердің техникалық жағдайына мән бермеуінен, балаларды қараусыз қалдыруынан және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан пайда болуда. Сонымен бірге көп қабатты тұрғын үйлердегі жертөлелер мен шатырларды паналап жүрген тұрғылықты тұрағы жоқ адамдардың темекі шегуі және ашық отты пайдалануда өрт оқиғаларының орын алу жағдайлары болдырмау үшін полиция қызметкерлері мен пәтер иелері кооперативінің өкілдерін тарта отырып, Қызылорда қаласының аумағындағы көпқабатты тұрғын үйлерде тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізілуде,- деді Асхат Плалұлы.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<