Тіршіліктің тынысы – нәзік жандылар

2185

0

Фото: НЗМ

Қызылорда қаласындағы Зияткерлік мектептің нәзік жандыларына Әкелер кеңесі мерекелік кеш сыйлады.

Әке мен баласы анасын бір күн үй тіршілігінен босатып, бар шаруаны өз мойнына алған сәттері көрініс тапқан қойылымда нәзік жандылардың отбасында алар орны ерекше екені көрсетілді. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен асыл жандарға деген құрметтерін ер азаматтар әнмен жеткізді.

Мерекелік кеште әкелер музыкалық аспаптарда әуенді композицияларды орындап, ұлттық би мен жырдан шашу шашты.

Тіршіліктің тынысы – нәзік жандылар

Көңілді тапқырлар клубының белсенділері де тақырыптық әзілдерін ұсынып, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

Кеш соңында бірқатар белсенді аналар мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<