Тиісті шаралар қолданылуда

388

0

Тиісті шаралар қолданылуда Кеше облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосовтың төрағалығымен өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өкілдері қатысқан жиын өтті. Онда  ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, компаниялардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлген қаржысының жұмсалуы жайлы есеп берілді. 

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабайдың айтуынша, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуы мен оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардан бүгінге дейін түскен қаржы 1,8 млрд теңге болып тұр. Аталған қаражаттың біршама бөлігі «Пет­роҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Айдан – Мұнай», «Көлжан», «Құмкөл Транс сервис», т.б компаниялардан түскен. Бұл қаржы облыстың әлеуметтік нысандарының құрылысына, олардың күрделі жұмыстарына жұмсалды.  Алайда келісім- шарт талаптарына сәйкес кейбір компаниялар тиісті қаражатты уақытылы аудармай отыр. Бүгінде олардың  берешегі 2 млрд 371 млн теңгеге жетті.

Басқарма  берешек мекемелерге тиісті шаралар қолдануда.

Айсәуле ҚАРАПАЕВА.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<