Тиянақтылық талап етіледі

353

0


Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдауында техно­логиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басу үшін Қазақстанда шешімін табуы тиіс міндеттерді атап көрсетті.

Жолдау осыған дейінгі түр­­лі саладағы қызметті оңтай­­лан­дыру шараларын әлі де же­тілдіре түсу қажеттігін көр­сетті. Қаржы тәртібі бұзушылық­та­ры­ның жасалған фак­тілерін анық­таудан жүйелі се­бептерді із­дес­тіруге және ұлт­тық ресурс­тарды басқару тиім­ділігін арттыру жөніндегі ұсы­нымдарды әзірлеуге ба­ғытталған мемлекет­тік аудитке өту жолындағы ма­ңызды кезең 2015 жылы «Мем­лекеттік аудит және қар­жылық бақылау туралы» Заңның қабыл­дануынан бас­талды. Заң талап­тарын орындау мақсатында мем­лекеттік аудиторларды сертификаттау жүргізіліп, тексеру комиссиясы қызметкерлері мемлекеттік аудитор біліктілігін иелену­ге үміткерлерді сертифи­кат­тау жөніндегі ұлттық ко­мис­­сияның шешімімен «мем­ле­­кет­тік аудитор» бі­лікті­лігін иелен­ді. Осылайша олардың жер­гілікті деңгей­де сыртқы мемлекеттік аудитті жүзеге асыруды же­тілдіру қызметіндегі жау­ап­кершілігі арта түсті. Осы бағыттағы жұмыстар аясында тексеру комиссиясы 2017 жылы – 29, 2018 жылдың 1-жартыжылдығында 16 ауди­торлық іс шараны жүзеге асырды. Мемлекеттік аудит жұмысы 2017 жылы 363 аудит объектісіне бөлінген 203,3 млрд теңге, 2018 жылдың 1-жар­тыжылдығында 226 объектіге бөлінген 82,1 млрд тең­гені қамтыды.  Қамтылған қаражат көлемі былтыр 2016 жылмен салыстырғанда 81,3 млрд теңгеге немесе 166,6 % көбейді.

2017 жылы жүргізілген шаралар нәтижесінде анықталған бұзушылықтар сомасы 10,3 млрд теңге, 2018 жылдың 1-жартыжылдығында   28,5 млрд теңгені құраған.

2017 жылы анықталған бұ­зушылықтардың ішінде қал­пына келтіруге және бюджетке өтеуге жататыны 3,4 млрд теңге  (33,2%) болса, қазіргі таңда 126,0 млн теңге ақшалай түрде, 3,2 млрд теңге есеп бой­ынша қалпына келтірілді (99,1%).

2018 жылдың 1-жарты­жыл­дығында анықталған қал­пына келтіруге жататын 724,7 млн теңге (2,5%) қаржылық бұзушылықтардың 389,2 млн теңгесі қалпына келтірілсе (53,7%), қалған 335,5 млн тең­гесі орындалуда. 

Жергілікті атқарушы ор­ган­дар жүргізіп жатқан іс-ша­раларға қарамастан, мемле­кет­­тік аудит объектілері та­­­­­­ра­­пы­нан мемлекеттік са­­­­тып алу мен бюджетке тү­сетін түсімдер мен мем­­­­ле­кет активтерін пайда­ла­ну­да анықталған бұзу­шы­лық­тар саны 2016 жыл­мен салыс­тыр­­ғанда артып отыр­ғаны байқа­лады.

Мемлекеттік аудит нәти­жесінде жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қар­жылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы, Қазақ­стан Республикасының мемле­кеттiк сатып алу туралы заң­нама талаптарын сақта­мау, бюджетке төленетiн салықтық емес төлемдердi жә­не негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді то­лық немесе уақытылы төле­меу анықталып, материал­дар уә­кілетті органдарға жол­­­дан­ды. Олардың қа­та­­­­рын­да облыстық тексеру комиссиясының нұс­қа­­ма­­­ла­рын тиісінше орында­ма­­ған  құрылыс саласы  бар.

Жалпы алғанда, былтыр құ­қық қорғау органына – 1, сот және әкімшілік іс қарайтын уәкілетті органдарға 32 материал жолданып, жалпы көлемі 6,3 млн теңге,  2018 жылдың 1-жартыжылдығында 24 материал жолданып, оның ішінде 18 материал бойынша 1,6 млн теңге әкімшілік айыппұл са­лынған. Салынған әкімшілік айыппұл бойынша барлығы 7,9 млн теңге бюджет кірісіне өндірілген.

Мемлекеттік аудит нә­ти­жесімен тәртіптік жауап­кер­­шілікке 2017 жылы – 222,             2018 жылдың 6 айында 106 лауа­зымды тұлға тартылған.

Тексеру комиссиясы жүр­гізген мемлекеттік аудит іс-шараларының қорытын­дысы бойынша бақылау объек­ті­лерінің қызметінде жүйе­лі бұ­зушылықтар мен кем­ші­ліктер анықталуда.

Әсіресе, бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есеп­тілікті жасау кезінде бұзу­шы­лықтарға жол берілгендігі бел­гілі болып отыр. Бюджеттік өтінімдердегі есеп­теулердің анықтығы мен негізділігі қам­тамасыз етіл­меуінен бюджет сапасыз жоспарланған. Осы­ның сал­дарынан бюд­жеттік бағдар­ла­ма­лардағы түп­кілік­ті нәти­желер көрсеткіш­те­ріне қол жет­кізілмеуде, мемле­кет­тік сатып алу рәсімдері сақтал­мауда.

 Осыған сәйкес, облыстық тексеру комиссиясының ұй­ымдастыруымен осы жылдың 19 маусымында облыстық бюд­жеттік бағдарлама әкім­шілері және Қызылорда қала­сы мен аудандар өкілдері қа­тысқан семинар-кеңес өткі­зіліп, жоғарыда аталған мәсе­лелер бойынша талқылау, тү­сіндірме жұмыстары жүр­гізілді.

Елбасының Жолдауында берілген тапсырмалардың орын­далуын бағалаумен қа­тар, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәти­желері бойынша бірыңғай де­рекқорды қалыптастыру, тек­серу комиссиясының ақ­па­раттық жүйелерін Есеп ко­ми­тетінің және уәкілетті ор­гандардың, жергілікті ат­қарушы органдардың ақпа­раттық жүйелерімен интег­рациялау, электрондық ау­дит­ті жүргізу мәселесін тә­­жі­рибеге енгізу де алдағы уақытта шешімін табуы тиіс мін­­деттердің бірі болып саналады. 

Сәуле ҚҰЛЫМБЕТОВА,

облыс бойынша тексеру комиссиясының төрайымы.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<