Өткен жылы дүниеге келген нәрестелердің жартысынан көбі – ұлдар

405

0

Өткен жылы дүниеге келген нәрестелердің жартысынан көбі - ұлдар 2018 жылы дүниеге келген нәрестелердің 51,6% – ұлдар, 48,4% – қыздар, – деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылы Қазақстанда 397 799 адам дүниеге келген, оның ішінде қалада туғандары – 235 014, ауылда туғандары – 162 785. 205224 ұл туды (жалпы дүниеге келгендер санының 51,6%) және 192 575 қыз (48,4%) дүние есігін ашты. Балалар саны 11,6% -ға артты (ұлдар – 12%, қыздар – 11,1%), оның ішінде қалаларда – 19,4%, ауылдық жерлерде – 1,9%. Өткен жылы бала туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 21,77 құраған, қалалық жерлерде – 22,16, ауылдық жерлерде – 21,22 құрады. Өңірлер арасында ең жоғары туу деңгейі Маңғыстау облысында (1000 адамға шаққанда 29,72 бала), Нұр-Сұлтан (27,67) және Шымкентте (27,53) байқалды. Ең төменгі туу деңгейі Солтүстік Қазақстан (12,93), Қостанай (13,30) және Павлодар (15,72) облыстарында тіркелді. Туудың жиынтық коэффициенті (ТЖК) – ұрпақты болу кезеңінде (15 жастан 49 жасқа дейін) орта есеппен бір әйел туған балалардың саны – 2018 жылы республикада 2,84 болды және 10 жыл ішінде 6% -ға артты, облыстарда – 2,68 және 1,9%, ауылдық жерлерде – 3,09 және 10,8%.
 Ел өңірлері арасында ТЖК ең жоғары деңгейі Түркістан (4,07), Маңғыстау (3,91) облыстарында, ал ең төменгі деңгей – Алматы қаласында (1,76) және Қостанай облысында (1,77) тіркелді. Өткен жылы туған сәтте нәрестенің анасының орташа жасы – 28,7, қалада – 29, ал ауылдық жерлерде 28,3 жасты құрады. Қазақстанның көптеген аймақтарында туған кезде ананың орташа жасы республикалық деңгейден асып түсті. Алматы қаласында бұл көрсеткіш – 29,8, Нұр-Сұлтан қаласында – 29,6 болды.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<