Тілдерді дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды

360

0

Тілдерді дамытудағы өзекті мәселелер талқыланды Облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Туған жер» қоғамдық қозғалысы» қауымдастығы жергілікті жерлерде  «ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының»  орындалу барысын талқылау мақсатында облыстық семинар ұйымдастырды. 

Семинарға облыстық басқармалар, ауумақтық департаменттер мен инспекциялардың тілге жауапты мамандары, қалалық, аудандық мәдениет  және тілдерді  дамыту бөлімдерінің басшылары мен тіл мамандары, филолог-ғалымдар, тілдерді оқыту орталығының оқытушылары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес облыстық ішкі саясат басқармасының тілдерді дамыту және әдістемелік жұмыстар бөлімінің басшысы А.Әбжалиева «ҚР Тілдерді дамыту мен қолданудың  2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы және алдағы міндеттер» тақырыбында, Жаңақорған аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Ж.Шертекова «Тілдерді дамыту мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.

Семинар соңында мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру бағытында ұсыныстар айтылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<