Төл мерекеде құрметке бөленді

552

0

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев пен облыс прокуроры Нұрлан Бижанов прокуратура қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде сала ардагерлері мен қызметкерлерді құттықтап, тілек арнады.

Басқосуға құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Нұрлыбек Нәлібаев елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын қадағалау және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде прокурорлардың еңбегі ерекше екенін айтты.

– Қоғамға қызмет уақыт шектеуіне бағынбайды. Бүгінде прокуратурадағы әрбір қызметкер Мемлекет басшысы айқындап берген маңызды міндеттерді мінсіз атқарып, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Салада қызмет атқаратын әрбір азамат абыройлы міндеттің салмағын санамен, ауырлығын армен, өлшемін өремен сезіне біліп, қоғамға қалтқысыз қызмет етуде, – деді аймақ басшысы.

Басқосуда сөз алған облыс прокуроры Н.Бижанов әріптестерін құттықтап, биыл жаңадан қабылданған Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңының маңызы мен ерекшеліктерін атап өтті. Келер жылдан бастап прокуратура органдарының құзыреті кеңейіп, жаңа жүйеде жұмыс істеуді бастайды.

Мерекелік басқосуда сала үздіктеріне төсбелгі тағылып, арнайы Алғыс хаттар табысталды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<