⚜️Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында бекітілген Наурызнамадағы Ынтымақ күні қарсаңында татулық пен бірлікті ту еткен Төменарық тұрғындары мерекелердің төресі табиғат жан-дүниесімен жадырап, тіршілік біткеннің бәрі жаңаша жасаратын ұлыстың ұлы күні Әз Наурыз мейрамын тойлады.
⚜️ Клуб үйінің үйінің алдында орналасқан этноауылдағы театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі мен бой көтерген киіз үй, алтыбақан тепкен жастар, сыңғырлаған ән мен би бәрі-бәрі мерекенің сәнін кіргізіп, шат-шадыман көңіл күй сыйлады. Жиылған халық наурыз көже мен ыстық бауырсақтан, өзге де ұлттық тағамдардан дәм татып, қазақтың жаңа жылында бір-біріне ақжарма тілектерін жаудырып жатты.
⚜️ Ұлық мерекені халықпен бірге тойлауға келген облыс әкімінің орынбасары Бақыт ДУЙСЕНҰЛЫ мен аудан әкімі Мұрат ЖОЛКЕЛДІҰЛЫ да елге ыстық лебіздерін жеткізіп, тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, елімізге бақ-береке тіледі. Арнайы құттықтай келушілер қатарында аудандық мәслихат төрағасы Галымжан Сопбеков ,аудандық білім бөлімінің басшысы Бекжан Есенбаев пен ел ағалары Өмірсерік Тақырбасов, Серқожа Ыдырысов ағаларымыз болды.
⚜️ Одан әрі жиналған көпшілік алдында ауылдың дамуына еңбегі сіңген жандар облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының мерекелік «Алғыс хатымен» марапатталып, мінбер төрінен көрінді. Соңыра ауыл ақсақалы Темірбек көкеміз еліміздің тыныштығын тілеп, ақ батасын берді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<