Төрт азамат рақымшылықпен босатылды

863

0

Қазіргі таңда Шиелі аудандық пробация есебінде 70-тен астам сотталған есепте тұр. Аудандық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Қайрат Байгенжеевтің айтуынша есептегі 25 сотталғанға «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңы қолданып, іс-құжаттары Шиелі аудандық сотына жолданған.
«Аудандық соттың қаулысымен 4 сотталған жазадан босатылды. Қаулы заңды күшіне енді. Бұл азаматтар бас бостандығын шектеу жазасымен пробация есебінде тұрғандар. Ал қалған сотталғандардың іс –құжаттары сот қарауында» ,- деді аудандық пробация бастығы Қ.Байгенжеев.

Дана Достанова,
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<