Төрт күндік жұмыс аптасы денсаулыққа қалай әсер етеді?

392

0

Сурет: ашық дереккөзден

Төрт күндік жұмыс аптасы әлемде тәжірибеден өтіп жатыр. Қазақстанда алдағы уақытта төрт күндік жұмыс аптасы енгізілуі мүмкін екені хабарланған. Қазақстандықтар 4 күндік жұмыс аптасына ауысқанда 10 сағат жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР Еңбек министрлігі Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаментінің басшысы Шалқар Оразбеков айтқан болатын.

Бірақ мұндай жаңашылдықтың не әкелетінін ғалымдар қазірдің өзінде біледі.

Кембридж университеті эксперименттің қорытындысын шығарды, оның барысында әлеуметтанушылар төрт күндік жұмыс аптасы адамға қалай әсер ететінін анықтады.

2022 жылдың маусым айынан бастап жүргізілген зерттеуге штатта 3 мың қызметкері бар британдық компаниялар қатысты. Олардың қатарында интернет-дүкендер, консалтингтік фирмалар,  сауда компаниялары, IT, косметология, маркетинг және денсаулық сақтау және т.б. болған. Бұл кәсіпорындарда жұмыс аптасы 32 сағатқа қысқарған.

Бүкіл эксперимент барысында ғалымдар компания қызметкерлеріне күнделікті сауалнама жүргізді. Олар қосымша бос уақыттың, атап айтқанда, уайым мен шаршау деңгейіне қалай әсер ететінін қарастырды.

Әлеуметтік эксперимент

Зерттеу авторлары жариялаған нәтижелер төрт күндік жұмыс аптасы қызметкерлер арасында стресс пен ауру деңгейін айтарлықтай төмендететінін көрсетеді.

Кембридж университетінің бір басылымында:

«Жұмысшылардың 71%-ға жуығы шаршау деңгейінің төмендегенін айтты, ал 39%-ы тәжірибеден бұрынғыға қарағанда аз күйзеліске түскенін айтты», – делінген.

Көптеген қатысушы отбасылық міндеттер мен жұмысты ұштастыру оңайырақ екенін, сонымен қатар қоғамдық пайдалы істерге де уақыттары бар екенін айтқан.

Ғалымдар сондай-ақ төрт күндік жұмыс аптасы ауру демалысының 65%-ға қысқаруына, ал адамдар бір жыл бұрынғы кезеңмен салыстырғанда жұмыстан шығу туралы шешім қабылдау ықтималдығы 57%-ға азайтқан.

«Сонымен бірге, төрт күндік жұмыс аптасына ауысқан компаниялардың кірістері осы сынақ кезеңінде дерлік өзгеріссіз қалды, тіпті аздап өскен, атап айтқанда орташа есеппен 1,4% -ға», – дейді зерттеушілер.

Эксперимент басталғанға дейін компания басшылары бес күндік жұмыстан төрт күндік жұмысқа көшу қызметкерлердің өнімділігін төмендетеді деп қорықты. Бірақ нәтижесі керісінше шыққан.

Кембридж университетінде зерттеу жүргізген әлеуметтанушы Брендан Берчелл тәжірибе барысын сипаттады.

«Топ-менеджерлер жұмыс уақытының қысқаруының орнын толтыратын өнімділіктің жоғарылауын көретініне сенімді емес еді, бірақ дәл солай болды. Көптеген қызметкер өз жұмысының тиімділігін арттыруға қызығушылық танытты», – дейді ол.

Нәтижесінде экспериментке қатысқан компаниялардың 92%-ы оны жалғастыруға шешім қабылдады, ал 14 фирма жұмыскерлерге арналған төрт күндік мерзім тұрақты қалатынын мәлімдеген.

Әзірге әлемнің ешбір елінде ресми төрт күндік жұмыс аптасы жоқ. Эксперимент Италия мен Жапония сияқты әлемнің бірқатар елдерінде жүргізіліп жатыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<