Төртжолақты жолдың жұмыстары биыл аяқталады

570

0

Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елдімекенішілік көшелердің жағдайы дұрысталып келеді. Осы мақсатта былтыр 75 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолдары жөндеуден өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев хабарлады.

– Ауданға қарасты ауылдық елдімекендердің автомобиль жолдары жөндеуден өтіп, нәтижесінде, жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 85 пайызға жетті. Биыл тағы аудандық маңыздағы 4 автомобиль жолын жөндеуден өткізбекпіз. Олар Мұратбаев ауылына кіреберіс, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей, Қожабақы-Бекарыстан би, Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей автомобиль жолдары. Бұл үшін бюджеттен 1,2 млрд. теңге бөлінді. Сонымен қатар, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы шеңберінде биыл Әйтеке би кенті мен Түктібаев, Мұратбаев ауылдарының елдімекенішілік жолдары орташа жөндеуден өткізіледі. Бұдан бөлек, Әйтеке би кенті мен Басықара ауылы арасындағы көпір құрылысы толық аяқталды. Ал «Қарлан» көпірінің құрылысын жалғастыруға бюджеттен 1,6 млрд. теңге бөлінді, – деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<