🔹Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.
🔹Комиссия отырысында қыс мезгілінде автожолдардағы болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жұмыстары, 2023-2024 жылдардағы қыс-көктем кезеңіндегі су тасқынының алдын алу шаралары, Жалағаш ауданы бойынша 2023 жылғы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде комиссия отырысында берілген хаттамалық тапсырмалардың орындалуы және 2024 жылға жұмыс жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.
🔹Күн тәртібіне сәйкес маңызды міндеттерді сапалы орындауды ескерткен аудан әкімі Ардақ Ибраимов, сала басшыларына төтенше жағдайдың алдын алу шараларын қабылдау мақсатында бірқатар тапсырмалар жүктеді.
🔹Жалағаш аудандық тұрғын үй-комуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөліміне қысқы мезгілде «Trast Group» ЖШС-мен келісімшарт бойынша жұмыстарын сапалы жүргізілуін қатаң бақылауға алып, жол белгілеріне қарау жұмыстарын жүргізуді және тиісті мекемелермен бірлесіп жылыту пунктеріне қарау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін баяндауды тапсырды.
🔹Ауданның барлық әлеуметтік желі парақшаларына хабарландыруларды уақытылы жариялап, тұрғындарды алдын ала хабардар етуді қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу аудандық қоғамдық даму бөліміне жүктелді.
🔹Кент және ауылдық округі әкімдеріне қысқы мезгілдегі мұз қату және қар жауған жағдайларда елді мекен ішіндегі барлық көшелер тиісті дәрежеде тазарту жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
🔹Күн тәртібіндегі екінші мәселеге сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов «Жалағашсушар» өндірістік учаскесіне су шайған бөгеттерді қалпына келтіру бойынша жұмыстарды атқарып, нәтижесін баяндау қажеттігін айтты.
🔹Бөгеттерді нығайту бойынша пайдаланылатын инертті материалдар қорына қарау жүргізіп, толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу және Сырдария өзенінің су деңгейіне күнделікті бақылау жүргізіп, тиісті мекемелерге уақытылы ақпарат ұсынуды қамтамасыз ету тапсырылды.
🔹Таң және Ақсу ауылдық округі әкімдеріне елді мекенде орнатылған электр сиреналарды қалпына келтіруді жүзеге асыру тапсырылды.
🔹Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөлімі эвакуациялық жинақтау және қабылдау пунктерінің жай-күйіне қарау жұмыстарын жүргізу, аудан бойынша Сырдария өзені мен Қараөзек арнасы бойында орналасқан кәсіпкерлердің малын тасымалдауға қатыстырылатын техникалардың үнемі дайын болуын қамтамасыз ету қажеттігін жеткізді.
🔹Кент және ауылдық округі әкімдеріне қыс, көктем мезгіліндегі су тасқынының алдын алу және мол суды қауіпсіз өткізу мақсатында кезекшіліктер ұйымдастыру қажеттігі айтылды.
🔹Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Жалағаш ауданының төтенше жағдайлар бөліміне 2024 жылға арналған Жалағаш ауданы бойынша төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі комиссия отырысында қаралатын мәселелер ауданда болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу кезеңіне сәйкес жоспарлау тапсырылды.
🔹Нысан меншігіне қарамастан аудандағы барлық деңгейдегі мекемелерге жыл көлемінде өткізілген төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысының хаттамалық тапсырмаларын уақытылы, сапалы орындау қажеттігін жеткізді.
🔹Комиссия отырысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылау және үйлестіру аудан әкімінің орынбасары Байнахатов Әліби Қодарұлына жүктелді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<