Тоғыз айдың қорытындысы талданды

111

0

Фото: Арал ауданы

Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Аманжол Оңғарбаевтың төрағалығымен әкімдік мәжілісі өтіп, күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды.

Жиында алдымен аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы хабарлама жасады. Айтуынша ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында барлық макроэкономикалық көрсеткіштерде оң динамика қалыптасқан. Ендігі меже сол көрсеткішті жыл бойы сақтап қалу. Бұл мәселеде қолға алынуы тиіс жұмыстарды тағы бір мәрте пысықтап өтті.

Аудан әкімі 9 айдың қорытындысымен қол жеткізген көрсеткіштерді жеке-жеке талдап, өңдеу өнеркәсібі саласындағы өзгерістерге тоқталып өтті. Кейбір өнім көрсеткіші бойынша төмендеу байқалады. Осы мәселелерді екшеген аудан әкімі жауаптыларға саладағы көрсеткіштерді көтеру бағытында қажетті жұмыстарды ұйымдастыруды тапсырды. Барлық макроэкономикалық көрсеткіштер мен жоспарлы индикаторлардың орындалуына, қаржының мерзімінде игерілуіне де нақты талдау жұмыстарын жүргізу керектігін атап өтті.

Мұнан соң қала, кент және ауылдық округ әкімдерінің 9 айдағы көрсеткіштері мен орындаушылық тәртіптің жай-күйі жөнінде аудан әкімі аппаратының басшысы С.Раимбетов баяндап өтті.

Аудан басшысы хабарламаға сай көрсетілген салалар мен орындалмаған тапсырмалар бойынша сөз сабақтады. Жиын барысында жұмыспен қамту көрсеткіштері, тұрғындарды жеке қабылдау, күзгі әскерге шақыру жұмыстары және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жөнінде кемшіліктерді назарға алып, қала, кент, ауылдық округ әкімдері мен түрлі салалар бойынша қызмет ететін мемлекеттік қызметшілердің жұмысы нақты көрсеткіштермен бағаланатынын жеткізді.

Бағалау көрсеткіштері бойынша төмен нәтиже көрсеткен ауылдық округ әкімдеріне ескерту жасап, сыннан нәтиже шығаруды қадап айтты.

Аудан әкімі Аманжол Сақыпұлы жиын соңында күн тәртібінен тыс елді мекендердің тазалығына да назар аударды. Ауылдық округтер бойынша бірқатар кемшіліктерді арнайы слайд арқылы көрсетіп, тиісті ауыл әкімдеріне кемшіліктерді қысқа мерзім ішінде қалпына келтіруді тапсырды. Осы бастан халықтың мұң-мұқтаждары мен елді мекеннің негізгі көрсеткіштерін көтеру бағытында тыңғылықты жұмысты үйлестіру керектігін атап өтті.

Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<