Тоғызқұмалақтан желілік спартакиада: Жансаяның жеңісі

570

0

Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткізілген тоғызқұмалақтан VІ желілік спартакиада өз мәресіне жетті. Жүлдегерлердің қатарынан Қызылорда қаласындағы NIS-тің оқушысы Жансая Досық көрініп, мектеп қоржынын күміспен толықтырды.

Ұлттық ойынға биыл  21 Назарбаев Зияткерлік мектебі (NIS) мен Астана Халықаралық мектебінен (ISA) 94 дарынды жас қатысты. Олар қашықтан «PlayOK» платформасында рапид түрінен жарысты. Сыр өңірінен Жансая Досық, Ерсұлтан Қойшыбек, Азамат Алтынбеков, Бинұр Мұхамеджан мектеп намысын қорғады. Нәтижесінде жоғары сыныптар арасындағы кезеңде Жансая шеберлігін көрсетіп, 2-орынды иеленді.  

«Тоғызқұмалақпен айналысып жүргеніме көп болған жоқ. Жыл сайын осы сайыста бағымды сынап, шеберлігімді шыңдап жүрмін. 5 қарсыласпен сынға түстім. Үшеуін жеңіп, біреуімен тепе-тең түстім. Тоғызқұмалақ ақыл-ой қабілеттерін арттырады, шоғырлануды, зейінді, есте сақтауды жақсартады және бос уақытымды тиімді өткізуге мүмкіндік береді», – дейді Жансая.

Айта кетейік, Жансая бұл сайысқа 3 жылдан бері үздіксіз қатысып келеді. Биылғы ойында асығы алшысынан түсіп, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<