«Тойға бір жыл бойы дайындалдық»: Абай Бегейдің су жаңа құдағиы халыққа үндеу жасады

220

0

Фото: ашық дереккөз

16 жастағы қызы тұрмысқа шыққан танымал әнші Абай Бегейдің қызы ел аузында әлі талқыланып жатыр. Жас келіннің су жаңа енесі халыққа үндеу жасап, дауды тоқтатуды сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айта кетейік, қызды алып қашып кеткеннен кейін, әкесі рұқсат бермегесін сырға салып алып кеткен болатын. 

“Біздің келініміз – болашақ тіс дәрігері. Сол мамандыққа түсті. 1 қыркүйектен бастап, оқуына балам екеуі кетеді. Мен оларды ұстамаймын. Алматы қаласында тұрады. Оқуларына ештеңе кедергі болмайды. Халық “Сымбатты әлі жас, келін болуға дайын емес” деп жатыр. Мен өзім бәрін басынан бастап үйретемін. Өзім де тіс дәрігері болғандықтан, сабағына да көмектесемін. Алматыға өзім де еріп барамын. Сіздер ол үшін қиналмаңыздар! Келінімді қызымнан артық көрмесем, кем көрмеймін. Бұл тойды бір жылдан бері күттік. Қатты дайындалдық. Артық сөз, өсек-әңгіме керек емес”, – деп жазды өнер иесінің құдағиы.

Сонымен қатар ҚМДБ өкілдері әнші Абай Бегейдің қызының некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа пікір білдіріп, некені мешіт имамдары қимағанын мәлімдеді. 

“Ақтау қаласында кәмелет жасқа толмаған қыздың некесіне қатысты әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Маңғыстау облысы бойынша өкілдігі төмендегіні мәлімдейді:

Неке қию рәсімі мешітте болмағаны анықталды. Мешіт имамдары кәмелет жасқа толмаған қыздың некесін қимаған. Мешітке келіп, құлшылық үйін аралауға, ауласында суретке түсуге шектеу қойылмайды. Жастардың мешітке келіп, естелікке суретке түскені белгілі болды”, – делінген ресми мәліметте. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<