окио Олимпиадасында қазақстандық Закир Сафиуллин (63 келі) жартылай финалдан тыс қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы бүгін ширек финалда аустралиялық Харрисон Гарсайдпен кездесті. Екеуінің жекпе-жегінде бес төрешінің үшеуі Закирдің басым екендігін көрсетті. Екінші раундта бұл керісінше болды.
Осылайша үшінші раунд екеуінің тартысты жекпе-жегімен жалғасты. Нәтижесінде төреші аустралиялық боксшының қолын көтерді.
24-жастағы Харрисон Гарсайд Олимпиадада тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп келеді.
Алғашқы екі жекпе-жегінде Папуа-Жаңа Гвинея елінен келген Джон Уме мен намибиялық Йонас Йонасты 5:0 есебімен тізе бүктірді.
Олимпиадада Закир бірінші іріктеу кезеңінде перулік Леодан Пезоны 5:0 есебімен жеңсе, одан кейін жапониялық Дайсуке Наримацу денсаулық жағдайына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты.
Еске салсақ, биылғы Олимпиадаға бокстан ерлер құрамасынан 8 спортшы барды. Олардың арасынан Закирден өзге Сәкен Бибосынов (52 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) жартылай финалға шықты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<