Толық және анық ақпарат ұсыну – негізгі міндет

935

0

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бойынша 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Атап айтқанда:

1. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру;

2. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру;

3. Су тарту құрылғыларының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу;

4. Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру;

5. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру.

Жыл басынан бері «Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 39 өтініш түсіп, олардың барлығына Инспекция тарапынан тиісті анықтамалар берілді.

Жыл басынан бері қалған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша өтінімдер түспеуіне байланысты келісімдер мен рұқсаттар берілген жоқ.

Сонымен қоса, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес көктемгі балықтардың уылдырық шашу кезеңінде балық шаруашылығы су айдындары мен учаскелерінде қорықшылық қызметті атқару үшін кеме жүргізу режиміне келісім беріледі деп жоспарлануда.

Айта кеткен жөн, мемлекеттік көрсетілетін қызметпен қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың тиімділігін басты назарда ұстау қажет деп есептейміз.

Заман талабына сай ақпараттық технологиялардың дамуы күн сайын жаңа серпін әкелуде, сол себепті мемлекеттік қызметтерді алу автоматтандырылған жәнеэлектрондық нысанда көрсетіледі.

Қазіргі таңда, жануарлар дүниесін пайдаланушылар да электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы тиімді қызмет түрлерін алып келеді.

Арал-Сырдария облысаралық бассейндік

балық шаруашылығы инспекциясы

балық шаруашылығы бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<