Тоқаев 2 қыркүйекте қазақстандықтарға жолдау жасайды

5141

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомартт Тоқаев 2 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.

Президент жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған еді. Отырыс 2 қыркүйекте сағат 11:00-де Астанада өтетіні хабарланған. 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<