Тоқаев «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырлардың есімін беретін заңға қол қойды

395

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңға өзгерістер мен толықтыру енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген хабарда. Ақорда ақпаратынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді. Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған. Реклама Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<