Тоқаев: Мен келеді деп жолды жөндеу – масқара жағдай

578

0

Президент Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады, – деді президент.

Ол бұған дейін облыстағы өртке салғырт қараған адамдардың барлығы жазаланатынын айтқан еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<