Тоқаев жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды

371

0

Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасына барды, деп хабарлайды Ақорда.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Боао Азия форумының ХХІІІ сессиясына қатысу үшін Халықаралық конференциялар орталығына келді. Мемлекет басшысын БАФ директорлар кеңесінің төрағасы Пан Ги Мун мен Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзи қарсы алды», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін президенттің баспасөз қызметі Қасым-Жомарт Тоқаевтың Боао Азия форумының сессиясына қатысу үшін 28-29 наурыз күндері Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен баратынын хабарлаған еді.

Сапар аясында Қазақстан президенті ҚХР басшылығымен, халықаралық ұйымдардың және Қытайдың ірі компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<