Жақында қарымды қаламгер, ҚР Журналистер одағының мүшесі, Жалағаш ауданының «Құрметті азаматы» Шыңғыс Айбосыновтың «Сырласу мен сыр ашу» атты туындысы қалың оқырманға жол тартты. Автор бұл еңбегінде ауыл шаруашылығы саласының серпін алуында өзіндік қолтаңбасын қалдырған майталман маман Біржан Көштаевты басты кейіпкер етіп алған. Кейіпкерімен сырласа отырып, өңірдің әлеуетін көтеру барысында атқарылған жұмыстарды кеңінен сипаттайды.
Қос ғасырдың куәсі болған қаламгер өз еңбегінде алдыңғы буынның өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі еткендей. Көпке ой саларлық туынды көпшілік қауымға арналған.
«СБ» ақпарат.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<